Республика күні мерекесі қарсаңында № 23 қалалық емханада «Қамқорлық апталығы» өткізілді. Іс-шара барысында учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер жүріп-тұруы қиын және егде жастағы науқастардың үйлеріне барып, денсаулық жағдайларын тексерді.
Медициналық қызметкерлер қан қысымын өлшеп, қажетті тексерулер жүргізіп, созылмалы аурулары бар пациенттерге кеңес берді. Сонымен қатар, дәрігерлер салауатты өмір салтын ұстану мен алдын алу шараларының маңыздылығын түсіндірді.
Мұндай шаралар қамқорлық пен мейірімге негізделген қоғам құруға, сондай-ақ халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған
Директор С.А.Ашен
Орындаған: С.Ж.Жампозова
87089697286
 
				
 
						 
						 
						 
						 
						 
						



