12.09.2025 жылы Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы Қала күніне орай салалы мамандардың қатысуымен тұрғындарға арнап ашық есік күнін өткізді. Айтулы іс-шараның мақсаты: 
-қала тұрғындарының денсаулық мәдениетін арттыру;
- аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау;
- профилактикалық тексерістер мен кеңестер арқылы халықтың медициналық сауаттылығын күшейту. 
Іс-шара барысында жүріп-тұруы қиындаған егде жастағы тұрғындарға үй жағдайында профилактикалық тексеріс жүргізіліп, дәрігерлердің кеңестері берілді. Сондай-ақ, емханада тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»,» Дене шынықтыру мен спорттың пайдасы» ақпараттық парақшалар таратылды
Директор С.А.Ашен
Орындаған: С.Ж.Жампозова
87089697286
 
				
 
						 
						 
						 
						



