г. Алматы, мкр. Улжан 1 , ул. К.Жалайыри, 34. Call-центр: +7 (727) 399-52-54, +7 (727) 399-56-79
КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23" Управления общественного здравоохранения города Алматы
Официальный интернет-ресурс

Ақпарат

Ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы «Құрмет пен қамқорлық» атты қарттар күніне орайластырылған іс-шара айлығын өткізуде. Салалы мамандардың қатысуымен жүргізіліп жатқан жасы ұлғайған тұрғындарға арналған ашық есік күндері көптің көңілінен шығуда. Айтулы іс-шараның мақсаты:
- қарт тұрғындарының денсаулығын жақсарту ;
- аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау;
- профилактикалық тексерістер мен кеңестер арқылы халықтың медициналық сауаттылығын күшейту.
Іс-шара барысында жүріп-тұруы қиындаған егде жастағы тұрғындарға үй жағдайында профилактикалық тексеріс жүргізіліп, дәрігерлердің кеңестері берілуде. Сондай-ақ, емханада тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі», « Жаяу жүрудің пайдасы» атты ақпараттық парақшалар таратылуда.


Директор С.А.Ашен
Орындаған: С.Ж.Жампозова
87089697286

КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Адрес
г. Алматы, Алатауский район, мкр - н Улжан 1 , ул. Кыдыргали Жалайыри, 34
Email
Телефоны

+7 (727) 399-52-54

+7 (727) 399-56-79

+7 (727) 399-73-30

Your message here