г. Алматы, мкр. Улжан 1 , ул. К.Жалайыри, 34. Call-центр: +7 (727) 338-67-20 , +7 (727) 338-67-64
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№23 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс

Ақпарат

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ш.Қайырбекова атындағы «Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК және «Бастапқы медико-санитариялық көмектің республикалық орталығы» ШЖҚ РМК қолдауымен 2025 жылғы 16–17 сәуір күндері БМСК Республикалық орталығы базасында «Қазақстандағы бастапқы медико-санитариялық көмектің үздік тәжірибелері: жетістіктер мен алынған сабақтар» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы БМСК Үздік тәжірибелер орталықтарының басшылары мен жетекші мамандары қатысты.

Аталған кеңестегі панельдік сессияға ШЖҚ «№23 Қалалық емхана» КМК директоры Ашен Сауле Ахатқызы да қатысты.

Сауле Ахатқызы өз сөзінде емханада бастапқы медико-санитариялық көмек пен денсаулық сақтау қызметтері жоғары деңгейде — сапалы, қауіпсіз, кешенді және халыққа қолжетімді түрде көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол денсаулық дегеніміз — тек ауру мен физикалық кемістіктің болмауы емес, бұл – адамның толық физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқаты екенін баса айтты. Жоғары деңгейдегі денсаулыққа қол жеткізу тек медициналық ғана емес, әлеуметтік және психологиялық мәселелерді де шешуді талап етеді, ал бұл денсаулық сақтау саласынан бөлек, қоғамның түрлі әлеуметтік және экономикалық салаларының бірлескен күш-жігерін қажет етеді. Осыған байланысты емханада ведомствоаралық комиссия құрылған.

Сонымен қатар, Сауле Ахатқызы халық денсаулығының жағдайы тікелей әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты екенін атап өтті. Шын мәнінде, халықтың денсаулық деңгейі — өмір сүру сапасының ең нақты көрсеткіші болып табылады. Денсаулыққа байланысты туындайтын көптеген мәселелер негізінен әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық, техногендік, табиғи және өндірістік факторларға байланысты. Осыны ескере отырып, емхана Үздік тәжірибелер орталығы болуға шешім қабылдады. Қазіргі таңда мекеме ұжымы қол жеткізген нәтижелерге қанағаттанғанын және алдағы уақытта жаңа тәсілдер мен жобаларды енгізу арқылы медико-әлеуметтік және психологиялық көмектің сапасын арттыруға ұмтылатынын жеткізді.

Сөзінің соңында Сауле Ахатқызы БМСК аясындағы командалық тәсіл жақсы нәтижелерге қол жеткізуге және медициналық ұйым шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді үлгі екенін атап өтті.

КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Адрес
г. Алматы, Алатауский район, мкр - н Улжан 1 , ул. Кыдыргали Жалайыри, 34
Email