ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша түсіндіру іс-шарасы өтті
2026 жылғы 17 наурыз күні №23 Алматы қалалық емханасында мекеме директорының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер аясында, атап айтқанда 380-3-бап – медицина қызметкерлерінің қызметіне кедергі келтіру және оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалу деңгейін арттыру, олардың кәсіби қызметіне заңсыз араласудың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты күшейту болды.
Кездесу барысында 380-3-баптың мазмұны кеңінен түсіндіріліп, медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында олардың заңмен қорғалатыны ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану, қорқыту, балағаттау немесе олардың жұмысына кедергі келтіру әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны түсіндірілді.
Іс-шара барысында нақты мысалдар келтіріліп, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары қарастырылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті құқықтық түсіндірмелер алды.
Мекеме басшылығы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау басты назарда екенін атап өтіп, алдағы уақытта да құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.






