г. Алматы, мкр. Улжан 1 , ул. К.Жалайыри, 34. Call-центр: +7 (727) 338-67-20 , +7 (727) 338-67-64
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№23 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс

Гаджетке тәуелділік

Бүгінде әрбір адам смартфонға ие. Тіпті жасөспірімдерден бастап қарттарға дейін күн ұзақ гаджетке телміреді. Сөзсіз, қызмет көрсетудің барлық саласын біріктірген электронды технологиясыз күніміз қараң, ісіміз өнімсіз, уақыт мәнсіз сезіледі. Өмірімізге телефонның енгені сонша, ХХІ ғасырдың адамын смартфонсыз елестете алмаймыз. Есесіне адамдарда телефонға тәуелділік күшейіп, психологтар «номофобия» деп аталатын дертке шарасыздық танытуда. Мәслихат депутаттарының II республикалық форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «цифрлы зомбилердің» қоғамға келтіретін қауіп-қатеріне алаңдаушылық білдірді.

Расында, технологиялық прогресс пен жаһандық цифр­ландырудың дамуымен электронды гаджеттер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, онсыз өмір сүру қиындап, «номофоб» термині қолданысқа енді. Қазір әрбір адам минут сайын мессенджерді тексеруге, әлеуметтік желідегі жаңалықтар таспасын айналдыруды әдетке айналдырды. Смартфон байланыс құралы ғана емес, біздің қолымызды ұзартатын, тіпті ісімізді сапалы ететін болды.

Номофобия – смартфонға әдеттен тыс тәуелділік. Қазір миллиондаған адам гаджет болмаса өзін жайсыз сезініп, алаңдаушылық білдіреді. Бұл – «номофобияның» бір көрінісі. Мұндай белгіні смартфон ұстаған кез келген адамнан көруге болады. Өйткені алғашқы «ұялы телефондар» байланыс құралы болса, қазіргі смартфондар өмір сүру сапасын арттыратын бір құралға айналды. Онда денсаулықты бақылау, білім беру компоненті, қаржы табу амалы және ойын-сауық мазмұнын қамтитын тұтас әлем шоғырланды.

Осы мәселе аясында бүгін,  ШЖҚ «№ 23 қалалық емхана» КМК психолог мамандары «Гаджеттің адамдарға теріс әсері» жайлы тұрғындар арасында әңгімелер жүргізіп, тренингтер ұйымдастырды. Іс- шара барысында  Гаджеттің адамдарға теріс әсерлерін баса айта отырып, зейін төмендейтінін, есте сақтау және қабылдау нашарлайтындығы, өзін-өзі тануы мен уақыттың маңызын түсінбейтіндігі пайда болатынын қатысушыларға жіті түсіндіріп, бейне роликтер көрсетті. Мамандардың айтуынша, Гаджеттерді шамадан тыс пайдаланған жеткіншектердің ойлауы мен сөйлеуі бұзылады. Смартфонның физиологиялық зиян-зардабын, адамдар белсенді қозғалысты азайтады. Бұл ұйқы мен тәбеттің бұзылуына, шынайы өмірмен байланысын әлсіретуге әсер етеді

КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Адрес
г. Алматы, Алатауский район, мкр - н Улжан 1 , ул. Кыдыргали Жалайыри, 34
Email